Атырауда кәмелетке толмаған төрт баланың ата-анасы жалдамалы пәтерде өлі күйінде табылды
Атырау. 26 шілде. 7kun.kz – Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
25 шілде күні кешке «102» операторының пультіне қайтыс болған әйелдің анасынан қоңырау келіп түсті. Ол қызының пәтер есігін ашпай жатқанын айтқан.
Оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанып, есікті бұзған. Пәтерде 1996 жылы туған ер адам мен оның 1992 жылы туған әйелінің мәйіттері табылды. Олардың өлімінің себебі әлі анықталған жоқ.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде. Анықталған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған азаматтар ерлі-зайыптылар болған. Олардың 4 баласы бар. Бұл пәтерді 1992 жылы туған азаматша бір ай бұрын жалға алғаны анықталды», – деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024