Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды.
Ұлттық мұнай-химия технопаркінде қолға алынған жобаның алғашқы сатысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндірілетін болады.
Құны 900 миллиард теңгеден асатын жобаның екінші кезеңінде полиэтилен зауыты салынады. Жоба толық қуатына көшкенде 3 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Кешенде жылына 1 миллион 250 мың тонна полимер өнідіріледі.
Айта кетерлігі, Қазақстанның тұңғыш мұнай химиясы кешені аясында еркін экономикалық аймақ құрылады.
"Құрылыс жұмысына 5000 адам тартылады. Оның 500-і жоба аяқталғанда маман ретінде тұрақты жұмыста қалмақ. Біздің өнімге әлемдік нарықта үлкен сұраныс жоғары. Сол себепті тауардың 90 пайызы Қытай, Түркия, басқа да Еуропа елдеріне экспортталатын болады", - деді «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





