Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz –Қазақстанда осы күндері 15 мың Кеңес- Ауған соғысының ардагерлері өмір сүріп жатыр. Олардың саны жыл санап кеміп келеді. Әсіресе тұрмыстық-әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін әлеуметтік топтың бірі. Оларды мемлекет қажетті жағдайда қамсыздандырудың орнына соңғы жылдары, кейбір жеңілдіктерді алып тастаған. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Армия үйінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды 7 kun.kz
Бүгін бір топ депутат Алматыда Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді насихаттау барысында Ауған соғысы ардагерлері және өзге де локальды соғыс қатысушыларымен кездесті. Жаңа Қазақстан құру идеясы мен тың реформаларды қолдайтынын айтқан ардагерлер өз мәселелерін де алдыға тартты.
Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Мұрат Әбдішүкіров әріптестерінің 2020 жылы қабылданған “Ардагерлер туралы” заңның аясында әлеуметтік жағынан қорғалмай қалғанына қынжылды. Олар үй кезегіне тұру, емдеу-сауықтыру кешендеріне берілетін жолдамалардан және қоғамдық көлікте тегін жүру жеңілдіктерінен айырылған. Ал айсайынғы мемлекеттік жәрдемақы 18 мың теңге.
“Биыл қыркүйекте “Ардагерлер туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Парламент қарауына түседі. Қазір жұмысшы тобында қаралып жатыр. Жоғарыдағы бастамалар қолдау табу үшін депутат ретінде араласып, заңның қажетті тұстарына түзету енгізуге атсалсысамыз. Бұл өте маңызды. Қанқұйлы соғысқа мемлекеттің тапсырмасымен барып, ерлік көрсеткен интернационалист жауынгерлерді жарлы-жақыбайлылармен теңестіру дұрыс емес”,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев.
Алматы қаласының өзінде 140 ауған соғысының ардагері 5 маусымда өтетін Референдумда сайлау учаскелерінде қоғамдық жұмыстарға атсалысуға келісіп отыр.
КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шыққанына биыл 33 жыл болды. 1989 жылдың 15 ақпанында 40-Армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громовтың «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп баяндаған уақытына дейінгі 10 жылға жуық мерзімде соғыс қимылдарын жүргізді. Оған КСРО елдерімен қатар Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 761-і қаза тапқан, 21-і хабарсыз кеткен.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024