Астана. 9 қазан. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылды жердегі кәсіпкерлікті өз қаржысымен қатар 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша тартылған қаржыдан несиелейді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаровтың сөзінше, 2017 жылдың 9 айында Қор тарапынан 39 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам несие берілді. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді болады.
"Жалпы 2017 жылдың соңына дейін ауылдық шағын несиелеуге 41 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, үстеме – жылдық 6 пайыздан аспайды, тиімді сыйақы үстемесі – 6,7 пайызға дейін. Несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдетілген мерзім бекітіледі", - деді ол.
2017 жылы бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын неселеуге 16,5 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда оның 15,7 млрд теңгесі берілген. Одан бөлек 24,5 млрд теңге республикалық бюджеттен және Қордың өз қаржысынан бөлінді. Жалпы, осы жылы ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген қаржы 41 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теңгеге артық.
Қазіргі таңда ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың мүшелері белсенді қаржыландырылып жатыр. Несиелер келесі бағыттар бойынша бөлінуде: «Ынтымақ» несиелік өнім аясында – ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімін шығару және сату жөніндегі кооперативтердің дамуына; «Береке» аясында – отбасылық мал бордақылау алаңдарына; «Игілік» бойынша – мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге; «Ырыс» бйоынша – отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға. Осы бағыттар бойынша кооперативтер мен олардың мүшелеріне 20 млр теңге бөлінді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024