Экономика
Ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатуға қатысты мораторий бекітілді
Астана. 9 желтоқсан. 7kun.kz - Парламент сенатының депутаттары пленарлы отырыс кезінде Жер кодексіндегі шетелдікерге ауыл шаруашылық жерлерін сату және жалға беру бойынша мораторийді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы түзетулерді бекітті.
Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Заң жобасы қаралып, бекітілді. Бұдан бұрын аталған заң жобасын мәжіліс мақұлдаған болатын. Айта кетейік, 2016 жылдың көктемінде қазақстандықтар жерді шетелдіктерге сатуға қатысты наразылық шараларын ұйымдастырған болатын. Осыдан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер заңнамасының өзгерістеріне мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024