Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін 3 млн теңгеге дейінгі несие қаражаты бөлінеді, деп хабарлайды «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.
Несиелер мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, сондай-ақ ауылдық жерлердегі бизнестің ауылшаруашылығынан тыс түрлеріне берілетін болады.
Айта кетсек, 2017 жылы 28,9 млрд теңгеге 6 582 несие берілген еді, оның НС және ШҚҰ арқылы 12,2 млрд теңге сомасына 1944 несие берілді. Берілген несиенің жалпы көлемінің 56%-ы немесе 16,2 млрд теңге сомасына 4 276 несие стартап-жобаларға тиесілі болды.
Ал, 2018 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша несиелеуге 44,7 млрд теңге бағыттау және АШТӨ кемінде 290 кепілдік беру жоспарлануда. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға 27,2 миллиард теңге бағыттауды жоспарлайды.
Салыстыра кетсек, өткен жылы бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға қормен 16,6 млрд теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайда қормен аталған бағдарлама аясында 10,1 млрд теңге сомасына 2 835 қарыз берілді. Соның ішінде «Бизнес-Бастау» бағдарламасына қатысушы 4,2 млрд теңгеге 1315 жоба қаржыландырылды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024