
Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Ішкі істер министрлігі үш жылда автомобильдердің VIP нөмірлерін сату арқылы бюджетке 5 млрд теңге түсірді. Бұл туралы бүгін үкіметтік сағатта Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко айтты, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Депутат құқықтарды беру және көлік құралдарын тіркеу үшін 14 мамандандырылған ХҚКО құру және дамыту жөніндегі шаралар «азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай оң әсерін тигізді» деп санайды. Оның айтуынша, 2017 жылы қаңтар-қазанда 314 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді, 1,2 миллионнан астам автомобиль тіркелді.
«Ішкі істер министрлігінің бұл ұсынысы азаматтар үшін көп уақытты үнемдеді, әкімшілік полициядағы сыбайлас жемқорлықты төмендетті, сондай-ақ ел бюджетін күшейтеді. Үш жыл бойы Ішкі істер министрлігі арнайы орталықтар арқылы 15760 VIP нөмірлер сатты және бюджетке 5,5 миллиард теңге табыс түсті», - деді Владимир Божко.