Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Жол активтерін басқару жүйесінің көмегімен жол қозғалысына қатысушылар республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, жол бойындағы сервис объектілері, аялдамалар, елді мекендер мен мердігерлік ұйымдар туралы ақпаратты көре алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Деректер жинауды аталған министрліктің Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталығы жүргізеді. Бірінші кезекте жүйеде 24 мың километр республикалық автожолдар туралы ақпарат қолжетімді болады. Кейін - жергілікті жолдардың жағдайы туралы деректер.
Жүйені техникалық іске қосу келесі жылдың мамыр айына белгіленген. Пайдаланушылар үшін мобильді қосымша 2020 жылдың 1 маусымына дейін іске қосылады.
«Жол активтерін басқару жүйесі» қосымшасын Android және iOS платформасынан тегін жүктеп алуға болады.
Бұған дейін автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Республикалық маңызы бар автожолдарды салу кезінде сапаға бес сатылы бақылау қолданылатынын хабарлады. Бірінші саты-мердігерлік ұйымның өзі; екіншісі — күнделікті негізде мердігерлік ұйыммен тығыз жұмыс істейтін инженерлер қызметі; үшінші саты - жолды жобалаған компания. Ал төртінші саты — "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК, ол салынып жатқан автожол учаскесін екі-үш рет тексеруді жүзеге асырады; және бесінші саты - тапсырыс беруші.
"Ағымдағы жылы Елбасының тапсырмасы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы ашылды, оның филиалдары 14 облыста және Республикалық маңызы бар үш қалада — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жұмыс істейді", — деді Сайран Бармақов.
Оның айтуынша, бұған дейін бақылау тек республикалық маңызы бар жолдарда жүргізілген, ал бұл 24 мың шақырым жол.
"Цифрландыруды енгізумен біз барлық жолдар туралы толық ақпарат беретін боламыз. Бұл функциялардың барлығы жол активтері сапасының ұлттық орталығы жұмысының арқасында қол жетімді болады", - деп қортындылады Сайран Бармақов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024