Экономика
Қазғарыш: А.Айымбетовпен бірге ғарышқа дайындалған қазақстандық азаматтығын ауыстырып жіберді
Инвестиция және даму министрлігіндегі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев үшінші қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, Айдын Айымбетовпен бірге тағы бір ғарышкердің дайындықтан өтіп жүріп кейінірек азаматтығын ресейлікке ауыстырған.
"Біздің Айдын Айымбетовпен бірге дайындалған Мұхтар Аймаханов есімді азамат болды. Ол Қазақстан Республикасының есебінен үлкен қаржыға дайындалып жүрді. Бірақ күтуге шыдамай, азаматтығын ауыстырды. Бұл - оның өз еркімен қабылдаған шешімі және біз оған еш әсер ете алмадық. Бүгінде ол Ресей Федерациясының азаматы және кез-келген ресейлік азаматы тәрізді ғарышкер боламын деген арманын орындай алады", - деді Т.Мұсабаев.
Қазғарыш басшысының атап өтуінше, Қазақстан алдағы уақытта да отандық ғарышкерлердің осындай жобаларға қатысуына ықпал ететін болады.
"Қазақстан тәрізді ірі ғарыш айлағы бар ел өзінің ғарышкерлерін дайындауға мүдделі. Мен өзім ондай жұмыс атқардым. Бірақ бірінші кезекте біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ролі зор. Ол осы жылдың 8 мамырында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында В.Путинмен келіссөздер жүргізіп, олар Қазақстан Республикасының азаматын ғарышқа жіберу туралы тарихи шешім қабылдады. Біз бұл жұмысты жалғастыра беретін боламыз. Бірақ бізде жыл сайын азаматтарымызды жіберу керек деген қажеттілік жоқ. Дегенмен, міндетті түрде жұмысты жалғастырамыз. Маған ескертулер болды, бірақ нәтижесін өздеріңіз көріп тұрсыздар", - деп қорытындылады ол.
Еске салайық, бүгін таңғы сағат 10:35-те "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылды. Ғарыш кемесінде борт командирі Сергей Волков, Роскосмос, Ресей, борт инженері - Андреас Могенсен, ЕКА, Дания және Қазақстан Республикасының азаматы, екінші борт инженері Айдын Айымбетов бар.
Айдын Айымбетов - ғарышқа ұшқан үшінші қазақстандық азамат.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024