Алматы. 2 қазан. 7kun.kz - Алматы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) бас директоры бұйрығына сәйкес, Астана филиалының жетекшісі болып Асқар Ғабидуллин тағайындалды. Бұл туралы институт баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚазҚСҒЗИ басшылығының филиал директорының алдына қойған негізгі міндеттері филиал тиімділігін көтеру, сондай-ақ сметалық баға белгілеу саласында Қазақстанның құрылыс секторының мамандарын кешенді оқытуды дамыту болады.
Асқар Ғабидуллин қызмет үстінде ҚазҚСҒЗИ Астанадағы филиалының директоры Салауат Дембайды ауыстырды.
Асқар Маратұлы Ғабидуллин – екі жоғарғы білімі бар.
Ол экономика және басқару және экономист-менеджер мамандықтары бойынша Батыс-Қазақстан аграрлық университеті және Қазақ-Орыс Халықаралық Университетін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: 1998-1999 - Әлеуметтік инфрақұрылымның мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жергілікті комитетінің маманы; 1999-2001 - «Актобе Агро» ЖШС менеджері; 1999-2001- «Актобе Агро» ЖШС менеджері; 2001-2002 - «Орас» ЖШС келісім бөлімінің бастығы; 2002-2004 - «Рамазан» жабдықтау бөлімінің бастығы;2004-2007 - «Олкем» ЖШС директоры; 2007-2008 - «Спецавтотранспорт» АҚ Мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының бас инженері; 2008-2009 - Ақтөбе қ. Жер қатынастары бөлімі ММ бастығының орынбасары; 2009-2011 - Ақтөбе қ. «ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобильді жолдары бөлімі»ММ бастығы, 2011-2012 - Ақтөбе қ. Әкімінің бірінші орынбасары; 2012-2013 - Ақтөбе облысы бойынша Мобилизациялық дайындық және ТЖ жою бойынша басқарма бастығы; 2013-2014 - «Нұр Отан» Партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 2014-2017 - «Елiм-Ақтөбе» АҚ коммуналды кәсіпорнының директоры, 2017 - «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ инвестициялар тарту бойынша департамент жетекшісі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024