Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақ газеттері" ЖШС-ның жаңа басшысы тағайындалды

"Қазақ газеттері" ЖШС-ның жаңа басшысы тағайындалды

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — "Қазақ газеттері" ЖШС-ның жаңа басшысы болып Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz. 

Шәмшидин Әшенқожаұлы Паттеев 1960 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1978 жылы Түркістан қаласындағы орта мектепті тәмамдаған. Еңбек жолын киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы мұражайдың кіші ғылыми қызметкері болып, жөндеу қызметіне қатысудан бастады. 1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1988-1991 жылдар аралығында «Өнер» баспасында редактор, 1991-1994 жылдар аралығында «Алдаспан» жастар шығармашылық бірлестіктері қауымдастығының бас директоры болып қызмет атқарған. 1997 жылдан бері халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы болып қызмет етеді. Осы уақыт аралығында ол қалыпты газет шығаруға ұйытқы болып қана қоймай, басылымның жаңа тұрпаттағы келбетін жасады. Газет бетінде түрлі қоғамдық мәселелерге салиқалы сараптама жасауды тілшілерден үнемі талап етіп отыратын басшы ретінде ол «Түркістан» газетінің республикалық қазақтілді газеттер арасындағы абырой-беделін жоғарылатып, басылым танымдылығын арттыра түсті.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы