Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстандықтарға 19 елге баруға визасыз режим қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ брифингінде мәлімдеді деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«Қазақстандықтар жалпы азаматтық төлқұжатпен визасыз 19 елге бара алады», - деді Е.Ыдырысов.
Атап айтқанда, визасыз режим енгізу туралы келісімді Қазақстан Бразилия және Кубамен жасасты.
«Қазақстандықтар осы аралға, еркіндік аралына бара алады, ол жердің климаты жақсы, осының бәрі Қазақстанның осы елмен кеңейтілген өзара іс-қимылы үшін мүмкіндіктер ашады», - деді ол.
Осындай келісімдерді Латын Америкасының бірқатар елдерімен жасасу жоспарланған.
Сонымен қатар, келесі жылдың бірінші тоқсанында СІМ қазақстандық виза берудің жаңа ережесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар шекара қызметімен, Ішкі істер министрлігімен және басқа да сәйкесінше мемлекеттік органдармен қарқынды жүргізілу үстінде.
«Бұл жаңа ережелердің басты мәні - виза алу тәртібін жеңілдету, біздің елімізге келгісі келетін шетелдік азаматтар үшін оны ыңғайлы жасау. Әрине, одан кейін оны заманауи қалыпқа түсіргіміз келеді», - деді ол.
Фото: caravan.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024