Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 24,7 мың тонна мата экспорттады

Қазақстан 24,7 мың тонна мата экспорттады
Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан 43,1 млн долларға 24,7 мың тонна тоқыма мата экспорттады, деп хабарлайды Baq.kz. 2017 жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 12,6% артқан, ал ақшалай көлемі 40,2% қысқарған. Бәрінен көп тоқыма матаны Латвия (9,8 млн долларға 5,9 мың тонна) мен Молдоваға (11,1 млн долларға 6,5 мың тонна) жөнелтілді. Бұдан өзге 6,6 млн долларға Ресейге 4,1 мың тонна, 6,4 млн долларға Қытайға 4,2 мың тонна, 2,6 млн долларға Түркияға 1,6 млн тонна және 881,5 мың долларға Өзбекстанға 654,2 тонна жіберілді. Сондай-ақ, Литваға 651,1 тонна, Италияға 160,1 тонна экспортталды.

Похожие материалы