Американдық танымал BuzzFeed сайтында "Borat Expo2017-man" атты қолданушы "Қазақстанға бармаудың 47 себебі" атты фотошолу жариялады. 7kun.kz аталған материалды аударып, назарларыңызға ұсынады.
1. Қазақстан - шамамен Пәкістан мен Ресейдің ортасындағы микс-мемлекет. Суық, қарайтын де ештеңесі жоқ.
2. Тіпті ескерткіштердің өзі суықтан дірдек қағады.
3. Бұл елде мегаполистер де жоқ.
4. Қайталанбас архитектурадан да жұрдай.
5. Бүкіл ел - құлазыған дала, терезе сыртында көз тоқтатып қарайтын дым жоқ.
6. Табиғатының сұрқайлығы мұңға батырады.
7. Табиғатына шықсаң Марста жүргендей әсерде боласың.
8. Ағаш өсетін Марста.
9. Мұнда бәрі бір-бірін қайталайды және әйтеуір бірдеңені есіңе салып тұрады.
10. Мезі болғаның сонша ештеңеге қарағың келмейді.
11. Мүлдем қарағың келмейді.
12. Сосын бұл жақта тылсымдылық жоқ.
13. Ғылым мен технология назардан тыс қалған.
14. Билет сатып алып, ұшып кеткің келеді.
15. Басқалар сымбатты жануар көрсе, қазақтар мұны ет деп таниды. Иә, иә, қазақтар жылқы етін жейді!!!
16. Кейбіреулер әлі күнге тамағын құспен аулап жейді. Жабайылар!
17. Қолында құсы немесе малы жоқтар нан қуырып жейді.
18. Түнгі аспан ешқандай романтикалық көңіл-күй сыйламайды, бірден ұйықтап қалған дұрыс.
19. Бұл жақта тарих жоқ.
20. Бірақ, жергілікті жігіттер өздерінің артықшылығын үлкейтіп көрсеткісі келеді. Иә, иә, бұл еркек!
21. Айтпақшы, мұнда өнер де жоқ.
22. Бар дегендерінің өзі біртүрлі көрінеді.
23. Өнерге халық та қызықпайды.
24. Айтпақшы, Қазақстанның мұсылман мемлекеті екенін айта кетейік.
25. Әлде христиан ба...
26. Қысқасы, бәрінің мидай араласқаны сонша, ештеңе түсініксіз...
27. Тұрғындарының бір бөлігі алмаға табынады.
28. Соның құрметіне би билейді.
29. Оған музыка арнайды.
30. Біртүрлі селфилер жасайды...
31. Бұның зардабын балалар көреді. Оларға зорлап алма жегізеді...
32. Көп алма... Дүниеге келе салысымен.
33. Қазақтар әлі күнге киіз үйде тұрады, бұл - факт.
34. Бай қазақтар бай киіз үйлерде тұрады.
35. Автокөлік сатып алуға әркімнің шамасы жете бермейді, сондықтан велосипед негізгі көлік құралы ретінде саналады.
36. Таңертең велосипедтерден тұратын кептеліс көруге болады.
37. Оларды жолға салып, бағыт-бағдар беріп отыру керек.
38. Демалыста ішің пысып, жарыла жаздайсың.
39. Істейтін ештеңе жоқ.
40. Дұрыстап шаңғы да тебе алмайды.
41. Спорттың басқа түрлерін айтпай-ақ қояйық...
42. Жергілікті тұрғындар біртүрлі өзі...
43. Әзіл-қалжың дегеннен мақұрым қалған!
44. Кейбіреуі шатақмінезді болып келеді.
45. Әдет-ғұрыптары да жабайы: әйелді аукционнан таңдап аласың.
46. Себебі еркектерінің эгосы шектен асып кеткен.
47. Тек еркектерінің ғана емес...
Қазақстанға бармаудың сен қандай себептерін білесің?
BuzzFeed — 2006 жылы Нью-Йоркте пайда болған интернет-ресурс. Басында шағын ғана интернет-зертхана ретінде ойластырылған, алайда қазіргі күні халықаралық саясаттан бастап телехикаяларға дейінгі түрлі тақырыпты қамтитын үлкен компанияға айналып отыр.