Қазақстанға шетелден келетін жұмысшылардың басым бөлігі Қытай Халық Республикасынан келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
"Пайыздық көрсеткіш мынадай: Қытай - 9,6 мың адам (31 пайыз), Түркия - 6, 1 мың адам (20 пайыз), Үндістан - 2, 3 мың адам (8 пайыз), Италия - 1, 5 мың адам (5 пайыз), Өзбекстан - 1,1 мың адам (4 пайыз)", - деп көрсетілген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің мәліметтерінде. Аталған ақпарат Мәжіліс Парламентіндегі көші-қон және халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтар бойынша заңға енгізілген түзетулер айтылған жиналыста сөз болды.
Ақпаратта көрсетілгендей, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша республикада жұмыс берушілер тарапынан шетелдік жұмыс күшін тартуға 30 мың 728 рұқсат бар екен.
Мәліметтерге сүйенсек, шетелдік жұмысшылардың 42, 9 пайызы - мамандар, екінші орында - квалификацияланған жұмысшылар - 28,2 пайыз болса, үшінші орында - құрылыстық бөлімшелердің басшылары - 20, 6 пайыз, төртінші орында - бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары - 6, 5 пайыз. Бұл тізімді аяқтайтын мезгілдік гастарбайтерлер - 1, 7 пайыз.
Шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі құрылыс саласында - 20, 8 мың адам немесе 66, 5 пайыз, тау-кен өндірісінде - 2, 3 мың адам (7, 4 пайыз), өңдеу өнеркәсіптерінде - 1, 6 мың адам (5, 2 пайыз), әкімшілік және көмекші қызмет көрсету салаларында - 980 адам (3,1 пайыз), ауылшарушалық, орман және балық шаруашылығында - 552 адам (1, 7 пайыз).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024