Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстанға келетін бензин мен дизель отынының көлемі 20 мың тоннаға азайған. Ішкі нарықтағы өндіріс 130 мың тоннаға көбейген. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.
Импорт көлемінің азаюы Қазақстандағы мұнай өндіруші кәсіпорындардың дизель және бензин өндірісін артыруымен байланысты. Олар 2016 жылдың 11 айында өндірісті 7 млн немесе 130 мың тоннаға артық өндірген.
Десек те, өндірістің өсуіне қарамастан өткен жылы қазақстандықтар үшін жанармай отыны тапшы болды. 2016 жылдың қаңтар-қараша айында ішкі нарықта бар болғаны 8,3 млн тонна көгілдір отын болған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда көп, бірақ 2014-2013 жылға қарағанда аз. Сондай-ақ, жанармайға деген сұраныс Қазақстандағы автокөліктер санының артуына да байланысты.
Осыдан кейін жанармай бағасы 2015 жылдың ортасында бірдан өсіп кетті және мемлекет нарықтағы бағаны реттеуді тоқтатты. 2016 жылы дизель отынының бағасы 33%-ға қымбаттады, ал АИ-92 маркалы бензин құны 8%-ға немесе 10 теңгеге көтерілді.
Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында АИ-92 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеуді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024