Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұн бағасын Ресеймен теңестірген жөн - Евгений Ганн

Ұн бағасын Ресеймен теңестірген жөн - Евгений Ганн

Қазақстан ұн импортына шектеу қоюдың орнына, оның бағасын ресейлік бағамен теңестіргені жөн деп есептейді Қазақстан астық өндірушілері одағының президенті Евгений Ганн.

«Тамақ өнімдерінің бағасын теңестіру қажет. Егер айырмашылық 5% болса, сатып алушы отандық өнімдердің пайдасына таңдау жасауы мүмкін, ал өнім 40% арзан болса, онда керек емес», - деді ол.

Ол Ресейден келетін ұн импортына тыйым салынса, Қазақстан өзінің экспорт нарығын жоғалтып алуы мүмкін екенін

«Біз үшін ең маңызды міндет экспорт нарығын сақтау болып табылады. Егер біз Қазақстанға ұн әкелуді тоқтатсақ, онда біз экспортты да жоғалтып аламыз», - деді агенттік сұхбаттасушысы.

Бұрынырақ «Коммерсант» газеті Қазақстан рубль құнсыздануының себебінен өте арзан бағаланатын Ресейден келетін тауарларды шектеу немесе тыйым салу туралы мәселін қарайды деп хабарлаған болатын.

Одан бөлек Қазақстанның вице-премьері Бақытжан Сағынтаев жұма күні ЕЭО үкіметаралық отырысында  журналистерге айтқан сөзінде, Қазақстанның Ресейден келетін тауарларға шектеу қоятын ойы жоқ екенін айтып өтті.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі жұма күні екі елдің аграрлық мекемелері арасында импорттың шектелімі мүмкін тауарлары туралы кеңес өткізіліп жатқанын хабарлады.

Похожие материалы