Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға құрылыс материалдары қайдан тасымалданады?

Қазақстанға құрылыс материалдары қайдан тасымалданады?

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Мемлекеттік кіріс жөніндегі комитеттің айтуынша, қазақстандықтар құрылыс заттарын көбіне Қытай мен Ресейден сатып алады. Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан ішкі нарықтың 60,5% отандық тауарлармен қамтамасыз етсе, 39,5% құрылыс тауарын импорттайды.

2015 жылы елімізге 78,5 млн долларға (46,9 мың тонна) бояу әкелінген. Аталған тауарды негізінен Ресейден (28,9 мың т/37,5 млн долларға), Ираннан (3,6 мың т/3,9 млн доллар) және Финляндиядан (2 мың т/6,7 млн долларға) тасымалдаған.

Өткен жылы Қазақстанға 87,7 млн долларға 29,8 мың тонна құбыр әкелінген. Бұл барлық тауардың 92,4% құрайды. Бұл тауар түрін негізінен Ресей (15 мың т/32,6 млн долларға), Қытай (5,7 мың т/18,5 млн долларға) және Түркия (3,4 мың т/9,7 млн долларға) елдерінен тасымалданған.

2015 жылы қолданылған линолеумнің барлығы шет елден әкелінген. Өткен жылы Қазақстан 10,3 млн долларға 4,3 млн куб.м. линолеум сатып алынған. Оның көп бөлігі (3 млн куб м) Ресейден әкелінген. Ал Украина Қазақстанға 1,7 млн долларға 942 мың куб м, ал Қытай 272 мың долларға 306 мың куб м сатқан.

Өткен жылы Қазақстанда жасалған цементтің жалпы қолданылған тауар ішіндегі үлесі 39,2%, ал оның 60,8%-ы шетелге (75 млн долларға 1,2 млн тонна) импортталды. Ресейден 57 млн долларға 985 мың тонна цемент сатып алынан. Одан бөлек, цемент елімізге Ираннан(11 млн долларға 208 мың тонна) және Өзбекстаннан (793 мың долларға 7,5 мың тонна) тасымалданды.

Қолданылған әйнектің 100 пайызы шетелден әкелінген. Өткен жылы бұл өнім 563,6 мың куб метрін 5,9 млн долларға сатып алынған. Ресей барлық әйнектің 79,5%-ын (448,6 мың куб м) тасымалдаған. Украина әйнекті Қазақстанға 58,1 мың куб метрін - 271 мың долларға, ал Иран 19,9 мың куб метрді 76 мың долларға сатқан.

Бұдан бөлек, 2015 жылы Қазақстан 223,3 млн долларға 528 мың тонна сымтемір сатып алған. Негізгі тасымалдаушылар қатарында Ресей (518,4 мың тонна), Қытай (5 мың тонна) және Қырғызстан (2,1 мың тонна) бар.

Қазақстанға құрамалы құрылыс конструкция тауарларынің 162 млн долларға 41,7 мың тоннасы сатып алынды. Тауардың бұл түрі Ресейден 27 млн долларға 13,5 мың тонна, ал Қытайдан 45,4 млн долларға 8,4 мың тонна, сонымен қатар, 16,5 млн долларға 6 мың тонна сатып алынған.

2015 жылы Қазақстанға 64,9 млн долларға 111,5 мың тонна күйдірілген кірпіш сатып алынған. Оның Ресейден 27 млн долларға 82,4 мың тоннасы сатып алынған. Қытай елімізге 20,5 млн долларға 1,7 мың тонна, ал Австрия 9,3 млн долларға 3,3 мың тонна кірпіш сатқан.

13393404_285368935184297_862957898_n

Похожие материалы