Қазақстан 15 шілдеден бастап инвестор он мемлекетке визасыз режимді ұзартпақ. Бұл жөнінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап инвесторлар үшін визасыз режимді ұзартұалы отырмыз. Ол тағы он ел үшін ұзарады: Швейцария, Испания, Бельгия, Венгрия, Монако, Сингапур, Аустралия, Норвегия, Швеция және Финляндия", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Миландағы қазақстан-италиялық бизнес-форум барысында. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан өткен жылдың 15 шілдесінен бастап 10 инвестор мемлекет үшін визалық режим енгізген еді: АҚШ, Нидерланд, ҰлыбританиияФранция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея және Жапония республикалары үшін. Белгіленген мерзім ішінде дипломатиялық, қызметтік және ұлттық паспорттары бар азаматтар республикаға бірнеше кіріп, шыға алады. Мемлекеттік шекараны аттаған соң 15 күн ішінде визасыз режим қосулы болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024