Қазақстанға жеткізілетін ресейлік еттен ішек таяқшасы мен шошқа ДНК-сі табылды
Қазақстанда техникалық тәртіптер мен қауіпсіздік нормаларына сай келмейтін ресейлік өндірістің ет өнімдері сатылымнан алып тасталынды. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігіндегі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресейлік еттің сынамаларынан ішек таяқшалары, шошқа ДНК-сі және натрий қоспасының шектен тыс болғандығы анықталған. "Наурыз айында 272 азық-түлік өнімінен сынама алынды. Олардың ішіндегі ет өнімінің 74 сынамасы техникалық талапқа сай келмейд", - делінген хабарламада.
"Курганский мясокомбинат" ЖШҚ "Стандарт" (Курган), "Омский Бекон" ААҚ(Калачинск), "Калининградтық ет өңдеуші зауыт "Дейма" ААҚ, "Орелпродукт" ЖАҚ (Мценск), "РАПП Кавказ-мясо" ААҚ, "Мясокомбинат Шиловский" ЖШҚ (Рязань облысы), "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ (Москва), "Черкизовский МПЗ" ААҚ (Мәскеу) тәрізді кәсіпорындардың "Говядина тушеная", "Говядина богатырская", "Конина тушеная натуральная" консервілерінде және "Нежный из печени индейки", "Нежный из гусиной печени", "Нежный из говяжьей печени" паштеттерінде; "Русский фермер", "Южные по-черкизовски" шұжықтарында, "Триумф" қақталған сиыр етінде шошқа ДНК-сі анықталды. Ал өнімдердің таңбалануында шошқа еті бар екендігі жазылмаған.
Сондай-ақ, Алматы облысындағы City Plus супермаркетіндегі ресейлік "Золотой пельмешек" ЖШҚ өнімінен ішек таяқшасы табылды. Батыс - Қазақстан облысындағы "ПК "Фабрика качества" ЖШҚ шығаратын "Чесночной" шұжығының, "Мускатный"сүрленген шұжығының, "Русская Черкизовская" пісірілген шұжығының және "Аппетитные классические" шұжықшасының құрамындағы натрийдің 3 есе артық екендігі белгілі болды.
"Техникалық талаптарға сай емес ет өнімдерінің ветеринарлы сертификаты болған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған өнімдердің барлығы сауда обьектілері мен жеткізушілердің қоймаларынан алынып жатыр", - деп атап өтілген баспасөз-баяндамасында.