Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан тоқыма өнімдерін қай елдерге сатады?

Қазақстан тоқыма өнімдерін қай елдерге сатады?

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан жалпы құны $43,1 млн болатын 24,7 мың тонна тоқым бұйымдары мен материалдарын экспортқа шығарды, деп хабарлайды LS.

2017 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда заттай түрде өнім жеткізу 12,6%-ға артып, ал қаражат түрінде 40,2%-ға азайған.

Қазақстан өнімдері ең үлкен көлемде жеткізілетін елдер көшін Латвия (құны $9,8 млн 5,9 мың тонна) және Молдова (құны $11,1 млн 6,5 мың тонна) бастап тұр.

Сонымен қатар, Ресейге 4,1 мың тонна ($6,6 млн), Қытайға 4,2 мың тонна ($6,4 млн), Түркияға 1,6 мың тонна ($2,6 млн), Өзбекстанға 654,2 тонна ($881,5 мың) өнім жіберілген.

Литва 651,1 мың тонна ($1,9 млн), Италия 160,1 тонна ($584,8 мың) Қазақстан тоқыма бұйымдары мен материалдарын сатып алған.

Похожие материалы