3 желтоқсан. Астана. 7kun.kz - Қазақстан Вьетнам еліне астықтың алғашқы 700 тоннасын жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта біздің ҚХР-дағы елшілікпен, «KAZNEX INVEST» агенттігінің өкілдігімен және «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірге, Вьетнамға қазақстандық бидайдың алғашқы партиясын жіберу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл өз кезегінде Қытайдың Ляньюнгань портындағы біздің терминалдың салынуының арқасында мүмкін болды. Жақын арада Вьетнамға алғашқы 700 тонна астық партиясын жөнелту бойынша жұмыстар істелінуде. Айта кету керек, біздің бидайдың құрамында балауыз деңгейі жоғары болғандықтан, шетелдік нарықта өте үлкен сұранысқа ие», - деді Исаева. Вице-министрдің мәліметтері бойынша, 2016-2017 жылғы маркетингтік жылы бастырылған астықтың алғашқы салмағының жалпы көлемі 23,7 млн. тоннаны құраған. «Біз биыл 9 млн. тонна астықты шетелге экспорттау бойынша мақсат қойып отырмыз. Келесі жылдан бастап, егістік алқаптардағы дәнді-дақылдардың алуандығына үлкен мән бермекпіз. Атап айтқанда, астық көлемі азайтылып, майлы дақылдардың көлемі артады. Біздің астық негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Иран және Қытай елдеріне экспортталады», - дейді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024