Выбор редактора
Қазақстан қалаларындағы жолақы қандай?
Еліміздегі барлық қалалардың әл-ауқаты бір деңгейде емес, тиісінше өмір сүру құны да әртүрлі. 7kun.kz Қазақстандағы 18 қаланың тұрғындарымен байланысып, жол жүру ақысын анықтап көрді. Ең қымбат жолақы - Астанада, автобус билеті үшін 90 теңге төлеуіңіз қажет. Ал ең арзаны Жезқазғанда, тұрғындар қоғамдық көліктегі жолақы үшін 40 теңге төлейді. Такси бағасы да әр қалада әртүрлі, бірақ орта есеппен 300-700 теңге аралығында. Толығырақ төмендегі материалдан біле аласыздар.