Қазақстан алдағы 3 жылда теңге бағамын тиянақтаудан бас тартады. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"Біз Халықаралық валюта қорының кейінгі уақытта теңге бағамын тиянақтап отыру мүмкін емес деген позициясын қолдаймыз. Бірақ бағам иілгіш болуы қажет. Жаңа саясатқа өтуді ауыр процес деп айтуға болады. (...) Орта мерзімді перспективада біз 12 айдан 36 ай араығында теңге бағамының жаңа курсына өтуіміз қажет. Бұл- жаңа саясаттың бір бөлігі", - деп атап өтті Келімбетов. Ұлттық банк басшысының атап өтуінше, монетарлы саясат ең алдымен қаржы нарығының құралдары енгізілуі қажет дегенді білдіреді. "Яғни Ұлттық банк елдегі несиелендірудің бәсіне ықпал етіп, қысқа мерзімді өтімділікті ұсына отырып, ел экономикасында басқаша рол ойнай бастайды. Бұл біз үшін жаңа қадам болып табылады. Оған дайындалу қажет", -деп атап өтті Келімбетов. Осыған дейін Ұлттық банктің елдің 2020 жылға дейінгі ақша-несиелі саясатын жүзеге асыру шараларын жариялағандығы хабарланған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024