Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – ҚР Парламентінің Мәжілісі «Теңіздегі қауіпсіздікке қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес жөніндегі конвенцияның 2005 жылғы Хаттамасын ратификациялау туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
Хаттама террористік деп танылатын әрекеттердің тізімін кеңейтеді. Сондай-ақ, құжат террористік акт жасау мақсатында материалдарды, террористерді тасымалдау үшін кемені пайдалану қылмыс деп танылатынын хабарлайды.
Хаттама террорлық акт жасағаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде елдерді шара қабылдауға шақырады.
Хаттаманың ережелеріне сәйкес, әрбір тарап басқа мемлекеттердің суларында жүрген кезінде террористік актіні болдырмауға бағытталған көмекке сенім арталады.
Бұл тармақ Қара теңіз бен Жерорта теңізінде жұмысты белсенді түрде бастап кеткен қазақстандық кемелер үшін аса өзекті.
Бүгінгі күні бұл құжатқа 40-тан астам мемлекет қосылған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024