Экономика
Қазақстан астық экспортын қысқартты
Қазақстан соңғы маркетингтік жыл ішінде (2014 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың маусымы аралығында) 6,6 млн тонна астықты экспортқа шығарған. Бұл туралы ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
"Маусым мен шілде аралығындағы мерзім бойынша толық мәліметтер әлі келіп түскен жоқ, бірақ 20 маусым бойынша алдын-ала мәліметтер 6,6 млн тоннаны қамтыды (Қазақстан 2014/2015 маркетингтік жылында экспортқа шығарған астық көлемі). Яғни шамамен алғанда біз анықтаған болжамдармен сәйкес келіп отыр", - деп мәлімдеді С.Мамытбеков сәрсенбі күні Астанада журналистермен болған кездесуде.
Айта кететін жайт, 2013-2014 маркетингтік жылы бұл көрсеткіш 8,7 млн тоннаны қамтыған болатын.