Экономика
Қазақстан банктері жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінген қаржының 70%-ын игерді
«Экономикалық жағдайдың қиындауына байланысты отандық автокөлік жасау ісі жапа шекті. Осы бағытта мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылып жатыр. Автонесие бағдарламасын өткізуге 15 млрд теңге бөлінді. Олардың 68,8% қаражатын банктер игерді. ЕАЭО-дан кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сай келмейтін автокөліктерді алып келуді шектеу туралы бұйрық шығарылды. Арнайы өкілдер кепіл бола алатын автомобильдерді сату және қызмет көрсету саласын жоғарғы сапа стандарттарымен қамтамасыз ету және тұтынушыларды арам ниетті жеткізушілерден қорғауға жағдай жасау үшін лицензиялау енгізілді, — деді А.Ержанов.
Естеріңізге сала кетейік, автонесие жеңілдіктері туралы бағдарлама 2015 жылдың 20 сәуірінде қолға алынған болатын. Қаржыландыру шарттарына байланысты банктерден түскен өтініштерге жауап беру үшін «Қазақстанның даму банкі» АҚ басты оператор ретінде бекітілді.
Несие шарттары: нақты сыйақының жылдық мөлшері - 4%, тиімді жылдық мөлшерлеме 7,5%-дан аспау керек. Несиені алу уақыты 5 жылдан көп болмауы тиіс. Қарыз теңге түрінде беріледі. Сатып алынған көліктің бастапқы жарнасы 20%-дан аспайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024