
Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау аяқталды. 2017 жылы 21,9 млн тонна астық жиналды деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Қазіргі уақытта, 15,3 млн гектардағы (99,9%) астық пен дәнді дақылдар жиналды. Бастапқы салмақта орташа өнімділігі 14,3 ц/га болатын 21,9 млн тонна астық бастырылды", - дейді министрлік.
2016 жылы бункерлік салмақта 23,7 млн тонна астық жиналған еді. Бұл көрсеткіш 2015 жылдан 18,5%-ке көп. Осылайша 2017 жылы бункерлік салмақта жиналған астық 7,6%-ке төмендеді.