Экономика
Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингінде өз позициясын жақсартты
Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Doing Business" ретингінде "Төлемге қабілетсіздікті шешу" көрсеткіші бойынша өз позициясын жақсартты. Бұл туралы дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Берешектермен жұмыс істеу басқармасының жетекшісі Айгүл Уалиева хабарлады.
"Doing Business" рейтингі мемлекеттің бизнесті жүргізу қолайлығы бойынша бағалайды. Осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 189 елдің арасында Қазақстан өз позициясын 19 пункіге жақсартып, 63 орынға жайғасты. Бұған кепілзаттық несиегерлер құқытарын нығайту жөнінідегі реформаларды өткізу, несиегерлердің жиналысы институтын енгізу және "Оңалту және банкроттық туралы" заң жобасындағы олардың құқытарын кеңейту шаралары себеп болды.
"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР заңымен несиегер қайта ұйымдастыру рәсіміне бастамашылық етуге құқылы, бұл норма бұрындары болайтын. Бұған дейін мұндай құқық несиегерлерге банкроттық жөніндегі жүргізілу бөлігінде берілетін", - деп мәлімдеді А.Уалиева.
Ақпарат көзі: 31 арна
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024