Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Қазақстан ДСҰ-ға кірерде одақтың басқа елдеріне қарағанда, өзіне неғұрлым ырықтандырылған кедендік міндеттемелер алған 3,5 мың тауарлар бойынша заңнамаға өзгерту енгізуі тиіс. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
«Бізден екі мәселе алынып тасталды. Бұл импорттық кеден баждары, онда 3500 позиция бойынша Қазақстанда Ресейге қарағанда неғұрлым ырықтандырылған міндеттемелер бар. Сондықтан да біз тауарлар бойынша барлық келіссөздерді ДСҰ-ның 30 мүше-елдерімен Кеден одағы құрылғанға дейін аяқтадық. Тағы бір белгілі бір уақытша алынып тасталған нәрсе - санитарлық және фитосанитарлық нормалар саласындағы ветеринарлық сертификаттар бойынша. Яғни бізден екіжақты сертификаттар Қазақстан және үшінші елдер үшін әзірге ол елдермен және сол өнімдермен ЕАЭО және үшінші ел форматында жұмыс жасауға уағдаласқанға дейін жұмыс жасайтын болады», - деді ол РФ мен Қазақстан арасындағы ДСҰ-ға кіру шарттарындағы ерекшіліктер мәселелері бойынша сұраққа жауап қайтара отырып. Министрдің айтуынша, Қазақстан ДСҰ ішінде ЕАЭО мүше-елдерімен атап айтқанда, Ресеймен Еуропалық Одақтың кеңейе түсуіндегі тәжірибе негізінде заңнамаларды үйлестіру үдерісін бастайды. Алайда Қазақстанның РФ алдындағы екіжақты міндеттемелері өзгермейді. «Біз ДСҰ-ға кіруде Ресей алдындағы ешбір міндеттемелерімізді өзгертпейміз. Сондықтан да келіссөздер ұзақ уақыт бойы жүрді», - деп атап көрсетті Айтжанова. Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуы Дүнитежүзілік сауда ұйымына кіру кезіндегі проблемалық мәселелердің бірі болды. Алайда республика ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын ұлттық мүдделерін ескере отырып, үйлестірудің жолын тапты. Ресей мұны халықаралық кеңістікте ЕАЭО позицияларын нығайту үшін маңызды қадам деп отыр. Ақпарат көзі: ҚазақпаратТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024