Қазақстанда оқушылар, жас ғалымдар, инженерлер мен журналистер арасында жалпыұлттық инновациялық байқау іске қосылды. Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.
“Біз әкімшілік қызметпен, бизнеспен айналысып кейін ғалым болуды таңдаған жастарды тапқымыз келеді. Себебі Қазақстанда ғалым болу үшін үлкен тәуекелге бару қажет. Біз осы адамдарды көрсету арқылы жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырғымыз келеді”,- деді «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов ОКҚ-нің брифингінде. Бүгіннен бастап инновациялар конкурсына қатысу өтінімдерін қабылдау басталды. Жоба Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму министрлігі және Британ консулының қолдауымен Ұлттық технологиялық даму агенттігінің бастамаларымен іске асып отыр. Қазан айының 25-іне дейін “Жас ғалымдар арасындағы үздік жоба” номинациясына өтінім қабалданады. Ж.Сәлімов айтқандай, Қазақстанның ең үздік жас ғалымы 7,5 миллион теңгеге ие болады. Ал екінші, үшінші орын иеленгендер 2,5 миллион, 1 миллион теңге көлемінде марапатталады. Сонымен қатар оларды Ұлыбританиямен танысу мүмкіншілігі күтіп тұр. Байқау қорытындысы 11 қараша күні белгілі болады. Атап өтсек, конкурс жеңімпазы Лондонда FameLab финалында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Жас ғалым 3 минут ішінде өз жобасын түсінікті тілде жұртшылыққа айтуы қажет. Сонымен қатар, 25-қазанға дейін тағы 3 номинацияға өтінім қабылдайды. Олар: «Үздік журналистік материал», «Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі» және «Кәсіпорындағы өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі». “Осы жылы біз алдымызға халықтың барлық дерлік санатын инновациялық процеске қатысуын мақсат етіп қойдық”,-деді Ж.Сәлімов. Инновациялық және серпінді инновациялық идеялардың авторларына арналған үздік журналистік материалға миллион теңге беріледі. Инновация бойынша үздік 4 материал иелері Ұлыбританияға бару мүмкіншілігіне ие болады. Естеріңізге салсақ, оқушылар арасындағы үздік жобаға өтінім қабылдау маусым айынан басталған еді. Ж.Сәлімовтың айтуынша өтінім қабылдау мерзімі қараша айының соңына дейін ұзартылды. Байқау қорытындысы бойынша 5 жобаның өнертапқыштары Ұлыбритания қалаларына 10 күндік білім алуға жіберіледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024