Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріне бағытталған (ЕЭО) экспортты жақсартса да, біріккен елдердің арасында соңғы орында.
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, Қазақстанның ЕЭО елдеріне экспорты 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 1,8 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы аралығымен салыстырғанда 10,1%-ға артты.
Қазақстан әріптес елдердің арасында экспортты Арменияға 2,9 млн доллармен 7,5 есе арттырды. Қырғыстанға экспорт 26,6%-бен 173,5 млн долларға, Ресейге 9,5%-бен 1,6 млрд долларға өсті. Ал Белоруссияға керісінше жеткізілім 30%-ға азайып, 28,3 млн долларды құрап отыр.
Одақтағы басқа елдердің экспортының көрсеткіші жоғарырақ. Ресейдің ЕЭО ішінде экспорты 12,2 млрд долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға алға ілгеріледі. Белоруссияда бұл көрсеткіш 4,4 млрд доллар болса (+10,8%), Арменияда 202,6 млн долларға жетті (+47,8%). Ал Қырғызстан экспорты 184,8 млн доллар көлемінде көрсеткішпен 4,6%-ға артқа шегінді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024