Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан экономикалық еркіндік бойынша халықаралық рейтингте көрсеткішін жақсартып келеді. The Heritage Foundation талдау агенттігі жыл сайын жүргізетін зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 41-орынға ілініп, Ресей мен Орта Азия елдерін артта қалдырған.
Index of Economic Freedom-ның хабарлауына сәйкес, Қазақстанның экономикалық еркіндігі 69,1 пайыз мөлшерінде бағаланады.
The Heritage Foundation рейтингінде мемлекеттердің экономикасы 10 негізгі талап бойынша бағаланады. Нақтырақ айтқанда, бизнес еркіндігі, сауда еркіндігі, сыбайлас жемқорлықтан дербестік, еңбек нарығының икемділігі және тағы басқа талаптар бар.
«Қазақстан өзін нарықтағы мұнай мен өнеркәсіптік секторлар арқасында сенімді сезінеді. Сондықтан да, билік транспорт, фармацевтика, телекоммуникация, мұнай-химия өнімдері, тамақ өнеркәсібі салаларын одан ары дамытуды көздеп отыр. Дегенмен де, инвесторлар экономиканың дамуына сыбайлас жемқорлық, бюрократия, өтімділігі төмен банк секторлары кедергі болады деп қорқады», - дейді Heritage Foundation сарапшылары.
Рейтингті әзірлеушілердің айтуынша, Қазақстан өз кезегінде инвестициялардың еркіндігі мен үкімет беріп отырған еркіндіктің арқасында көрсеткішін жақсарта түскен.
Сонымен бірге, Қазақстанның Азия-Тынық мұхит аймағына енетін 43 мемлекеттің ішінде 11-орыннан көрініп отырғаны ерекше аталып өткен. Қазақстанның экономикалық еркіндігінің индексі аймақтың орташа деңгейі мен әлемдік деңгейден жоғары тұр.
Сондай-ақ, Орта Азия елдері арасында Қырғызстан 78 орынға, Тәжікстан 106 орынға, Өзбекстан 152 орынға, Түркіменстан 169 орынға, Ал Ресей 107 орынға тұрақтанды.
Ал, осымен 24-мәрте әлемдегі экономикасы ең еркін аумақ деп Гонконг аталды. Екінші орында Сингапур тұр. Көшбасшылардың үштігін Жаңа Зеландия түйіндейді.
Әлемдегі экономикасы ең еркін елдердің соңғы тізімін Конго, Куба, Венесуэла және КХДР елдері тәмамдайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024