2015 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 5 334 тонна уран өндіріп шығарды, бұл жоспар көрсеткіштеріне сәйкес келеді деп хабарлайды Самұрық-Қазына қорының баспасөз қызметі.
Өткен жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 5,38 мың тонна уран өндірілген еді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 2%-ға асып түскен-тін.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, үлестес және тәуелді кәсіпорындарының қатысу үлесін қоса есептегенде, 2015 жылдың І тоқсанында 1 175 тонна уран өндірген болатын. 2014 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіш - 2,98 мың тонна.
"Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ 2015 жылдың І тоқсанында 404,054 тонна бериллий өнімін, 30,08 тонна тантал өнімін және 14,672 тонна ниобий өнімін өндірген.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Ақтау және Маңғыстау облыстарының тұтынушылары үшін 2015 жылдың қаңтар-наурызында 1 293б5 млн кВт*сағ электр энергиясын, 1 184 мың ГКал жылу энергиясын, 284 млн текше метр су, оның ішінде 2,35 млн текше метр ішетін су өндірген. Бұл көрсеткіштер аймақтың энергоресурстар мен суға деген сұранысын өтейді.
"Уранды байыту орталығы" ЖАҚ есептік кезеңде 571 717 БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі) көлемінде уранды байыту қызметтерін ұсыну жөніндегі жұмыстарды орындады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024