Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz - Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлем бойынша инновациялық экономикасы бар елу мемлекеттің тізімін құрды, онда Қазақстан 45,56 көрсеткішімен 48 орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан өткен жылғы көрсеткішін 2 позицияға көтерді, 2016 жылы біздің еліміз 50-орында еді. Біздің республика Орталық Азия елдері арасында рейтингке енген жалғыз мемлекет болып отыр.
Innovation Index тізімін құрарда Bloomberg жеті критерийді ескереді: инновация мен зерттеулерге жұмсалған қаражат, өнімділік, тиімділік, зерттеулердің, зерттеушілердің және жоғары технологиялы компаниялардың концентрациясы, патенттерді тіркеу және т.б.
Бірінші орында 89,00 көрсеткішімен Оңтүстік Корея, одан кейін Швеция (83,98), Германия (83,92), Швейцария (83,69) және Финляндия (83,26) елдері тұр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024