Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық қалталылар қаражатын шетел асыруды азайтты

Қазақстандық қалталылар қаражатын шетел асыруды азайтты

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстан инвесторларының өзге елдерге қаржы жөнелтуі 37%-ға азайып, 2,5 млрд долларға қысқарды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Оған себеп ел экономикасына деген сенімнің артуы. Керісінше, шетелден елге кіретін инвестиция 40%-ға артты

2015 жылы инфляция күшейіп, теңге бағамының әлсіреген кезінде елдің сатып алу қабілеті төмендеп, іскерлік белсенділік құлдыраған еді. Соның салдарынан Қазақстаннан «жаппай капитал көші» басталып, 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 3,4 млрд доллардан 6,9 млрд долларға жеткен7

2016 жылы жағдай қайта түзеле бастады. Бұл кішігірім инвесторлардың жұмысына да әсер етіп, бір жылда ел экономикасына салынған инвестиция 40% ұлғайды.

Қазақстан инвесторларының шетел экономикасына қаржы салуы бәсеңдеп, ішкі жобаларға қызығушылық таныта бастады. Өткен жылы Қазақстандағы шетелдік компанияларға Қазақстан инвесторларының қатысуы 36% ұлғайып, 4,1 млрд долларға жетті.

Похожие материалы