«Қазақстан инжинирингтің» акциялары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтеді
Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның акциялары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-дан Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілетін болды. Бұл туралы «Әділет» ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жазылған, деп хабарлайды inform.kz.
ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 3 шілдесіндегі ««Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» АҚ кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі «Қазақстан инжинирингтің» жалпы саны 21 476 802 дана болатын 100 пайыз акциясы өтеусіз беру жолымен сыйға тарту келісімі негізінде мемлекеттік меншікке иеліктен шығарылады.
Қаулы негізінде ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада көрсетілген мерзім ішінде компания акцияларын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тапсыру құқығын, мемлекеттік пакетті пайдалануды қамтамасыз ету өкімі беріледі.
Дәл осы Қаулы бойынша Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен олардың ведомстволарының басқаруындағы ұйымдардың тізімін келесі подпункттермен толықтырылады 3) келесі мазмұны: «3) ««Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (Kazakhstan Engineering)».
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024