Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Қазақстандық компанияларға жасалған кибершабуылдар 2017 жылдың ақпан айынша біршама азайды. Бұл туралы Check Point Software Technologies Ltd. компаниясы ай сайынғы есебінде мәлімдеді.
Қазақстан ең көп кибершабуылдар жасалған елдер рейтингінде 19 пунктен 46 пунктіге түсті. Жыл басынан бастап Қазақстан компаниялары қорғаныстарын күшейтіп жатыр. Жалпы есеп бойынша, ең көп кибершабуыл жасалған 124 мемлекет арасында, 46 орында тұр.
Ең көп кибершабуылға ұшыраған Замбия, Малави және Камбоджа компаниялары. Ал ең аз шабуыл болған елдер Черногория, Барбадос және Лихтенштейн.
2017 жылы ақпан айындағы белсенді хакерлер – Kelihos, ол әлем бойынша компаниялардың 12 пайызына, HackerDefender 5 пайызына, Cryptowall 4,5 пайызына залал келтірді.
«Ақпан айында зиянды бағдарламаларды пайдалану жиіледі. Бұл әлемдегі ұйымдардың ақпараттық технологияларының жұмысын шектеді. Бастысы компаниялар шабуылдарға дайын болуы керек», - деп атап өтті Ресей мен ТМД елдердіндегі Check Point Software Technologies өкілдігінің басшысы Василий Дягилев.
Жарияланған есеп бойынша, ең көп тараған зиян келтіруші Kelihos. Ол биткоиндарды ұрлау үшін қолданылады. Одан әлем бойынша ұйымдардың 12 пайызы зардап шекті. 2010 жылдан бастап іске қосылды. Kelihos қаражат төлеуге дайын кез келген адамға қолжетімді. 2011-2012 жылдары белсенділігі төмендегеніне қарамастан Kelihos дамуын жалғастырып, шарықтау шегіне жетті. 2016 жылы тамыз айында екі күннің ішінде үш есе көбейді. Қазіргі уақытта Kelihos әлемдегі ең көп таралған спам. Ол 300 мың құрылғыға зақым келтірді. Құрылғының әрқайсысы күніне 200 мыңға жуық хабарлама тарата алады.