Осы жылдың басындағы жағдай бойынша қазақстандық бизнестің шетел валютасындағы қарызы (теңгедегі несиелерді ескермегенде) 19 млрд доллардан асып түсті деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметі.
Екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынындағы шетел валютасындағы несиелердің үлесі 29%. ҰКП мәліметтеріне сүйенсек, валютадағы қарыздарды ұлттық валютаға айырбасталуын қамтамасыз ету үшін теңгедегі ақша ағыны жеткіліксіз. "Көрсетілген мемлекеттік қодау көлемінің үлкендігіне байланысты шағын және орта бизнес пен жеке тұлғалардың валютадағы қарыздарының сомасын біршама төмендете алдық. Алайда, мемлекеттік көмектің азырақ көрсетілген ірі кәсіпорындар бойынша валютадағы берешек барлық валюталық қарыздардың жалпы сомасының 75%-ын қамтып отыр", - делінген хабарламада. Палата сарапшыларының айтуынша, айырбастау бағамына қысымды келтірмеу үшін өндірушілердің валютадағы қарыздарын ұлттық валютаға аырбастау жөніндегі механизмді әзірлеу кезінде жан-жақты таразыланған тәсілді пайдалау қажет. "Осыған байланысты, Ұлттық банк, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және "Атамекен" ҰКП бірігіп, қажетті қолдау көлеміне және қарыздарды айырбастаудың мүмкін механизмдеріне талдау жүргізетін болады", - делінеді ҰКП таратқан ақпаратта.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024