Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан 2018 жылы төленетін салықтардың әлемдік рейтингіне қатысушы 190 елдің ішінен 50-орынды иеленді. Елдегі жалпы салық ауыртпалығы 29,2 пайызды құрады. Бұл Орталық Азия мен Шығыс Еуропа (33,4 пайыз) және ЭЫДҰ (40,5 пайыз) жанында төмен көрсеткішті көрсетті, деп хабарлайды LS.
PricewaterhouseCoopers (PWC) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізген зерттеуі жалпы салық ауыртпалығын, талаптарды сақтауға қажетті уақытты, төлемдер санын, сондай-ақ, КҚК қайтаруды және КТС заңнамасын түзетуді ескереді.
Ресей осы салық рейтингінде 52-орынды, Беларусь - 92, Қырғызстан - 151, Армения - 87-орын иеленеді. Әзірбайжан Қазақстанды озып шығып, 35-орында тұр, Молдова - 32, Грузия - 22, Литва - 18, Латвия - 13 орында.
«Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш. 190 елдің тізіміне қарап шықсақ, біз көптеген дамыған елдің алдында тұрмыз. Әлемдік рейтингіде біз әр түрлі елдердің салық жағдайларын зерттедік. Қазақстан салық заңнамасы бойынша өте прогрессивті орын екен. Бізді төмендететін жалғыз нәрсе декларация ұсынылғаннан кейінгі кезең болып есептеледі. Мәселе ҚҚС қайтарудың жоқтығында. Үкімет осы мәселені шешу үшін түрлі шаралар қабылдайды. Осыған байланысты жаңа салық кодексінде бұл мәселені шешуге көмектесетін оң өзгерістер бар », - деді PWC серіктесі Елена Каева.
Оның айтуынша, жаңа салық заңнамасы 2020 жылы салық салудың жыл сайынғы есебінде есепке алынады. Болжам бойынша, Қазақстан өзінің позицияларын жақсарта алады. Сонымен бірге, 30 елдің қатарына кіруі мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024