Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан логистика тиімділігінің индексі бойынша 6 сатыға жоғарылады

Қазақстан логистика тиімділігінің индексі бойынша 6 сатыға жоғарылады

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Қазақстан логистика тиімділігінің индексі бойынша әлемнің 160 елінің арасында 71 орынға ие болды.

ҚР ИДМ хабарлауынша, 2016 жылмен салыстырғанда Ресей (75), Өзбекстан (99), Беларусь (103), Қырғызстан (108), Грузия (119), Түркменстан (126) және Тәджікстаннан (134) 6 сатыға жоғарылады.

Айта кетейік, логистика тиімділігінің индексі - LPI (Logistics Performance Index) – тауарды жеткізуді жүзеге асырудың жеңілдігін, ұлттық және халықаралық деңгейде сауда логистикасын қарастыратын Дүниежүзілік банк индексі. Көрсеткіш халықаралық саудада жеткізу тізбегінің тиімді жұмысын өлшеп және әр 2 жыл сайын бағалайды (2007, 2010, 2012, 2014, 2016 және 2018).

Индекс келесі алты факторды бағалайды: кеден органдары жұмысының тиімділігі; инфрақұрылым сапасы; халықаралық тауар жеткізуді ұйымдастырудың жеңілдігі; логистикадағы компетенция; жеткізу тізбегі аралығында тауарды қадағалау мүмкіндігі; тауарды жеткізу мерзімін сақтау.

Жалпы, 2018 жылы LPI логистика тиімділігінің индексі бойынша Германия, Швеция, Бельгия, Австрия және Жапония елдері алдынғы қатарға орналасты.

Похожие материалы