Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мейрамханаларының табысы 30 пайызға өсті

Қазақстан мейрамханаларының табысы 30 пайызға өсті

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - 2016 жылы қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпорындар қызметінің жалпы сомасы  - 415,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 29,1 пайызға (321,9 млрд теңге) өсті.

Шағын кәсіпорындар - 271,4 млрд теңге, орта кәсіпорындар -  24,5 млрд теңге, ал ірі кәсіпорындар – 119,9 млрд теңге пайда тапқан.

Ең табысты Алматы қаласында орналасқан мейрамханалардың меншігінде (131,3 млрд теңге). Ал Астана қаласындағы кәсіпкерлер - 56,7 млрд теңге, Атырау облысында - 41,8 млрд теңге табыс тауып отыр.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының мейрамханаларының табысы - 28,7 млрд теңгеге, Маңғыстау облысы - 22,8 млрд теңгеге, Батыс Қазақстан облысы - 20,4 млрд теңгеге, Шығыс Қазақстан облысы - 19,1 млрд теңгеге, Қарағанды облысы - 17,2 млрд теңгеге, Ақтөбе облысы - 16 млрд теңгеге өсті.

Похожие материалы