Кабулда Қазақстан мен Ауғанстанның сыртқы істер министрлері арасында саяси консультациялар өтті деп хабарлайды еліміздің СІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, ауғандық делегацияны АИР-дың сыртқы істер министрінің орыбасары Хекмат Карзай бастады. "Консультация кезінде дипломаттар екі жақты қарым-қатынастағы саяси, сауда-эконмикалық және мәдени-гуманитарлық серіктестікке байланысты мәселелерді талқылады. 2015 жылдың мамырында Астанада өтетін сауда-экономикалық серіктестік бойынша үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысына дайындыққа баса назар аударылды. Сондай-ақ, Қазақстанға АИР президенті Мохаммад Ашраф Ганидың іс-сапары да талқыланды", - деп атап өтілген хабарламада. Екі жақ халықаралық аренадағы, соның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, ИСҰ, АЭЫСШ желілері бойынша екі елдің позитивті байланысын еске салып өтті. Ауған жағы жиі жіберіліп тұратын гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты. Консультациялар қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Ауғанстанның сыртқы істер министрлерінің серіктестігіндегі артықшылыққа ие бағыттар анықталды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024