Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Франция экономикалық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Қазақстан мен Франция экономикалық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz – 15 қыркүйекте Сен-Жорж де Мон қаласында «Экотитаниум» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорынның Еуропадағы алғашқы титан қалдықтарын қайта өңдеу зауытының ашылу рәсімі өтті. Кәсіпорынның құрылтайшылар құрамына Өскемен титан-магний комбинатының (ӨТМК) еншілес кәсіпорны «УКАД» кіреді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ашылу рәсіміне өнеркәсіпке жауапты Францияның Экономика және қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бенжамен Гриво, «ADEME», «Airbus», «Safran», «Eramet» компанияларының, «Credit Agricol» және Еуропалық инвестиция банкілерінің басшылары, Қазақстанның Франциядағы елшілігінің өкілдері, ӨТМК АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер және компанияның президенті Әсем Мамұтова қатысты.

Инвестицияның жалпы көлемі 48 млн еуроны құрайды. Жұмыс орындарының саны – 60.

«Eramet» компаниясының президенті Кристель Борие, аэроғарыш саласы үшін, өнімдерді жеткізу бойынша «Airbus» және «Safran» компанияларымен стратегиялық серіктестіктің жалғасуына қолдау білдірді. Жаңа кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз етуде қазақстандық әріптестің маңызды рөл атқаратынын айтты.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы