Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі - Әбдірахманов

Қазақстан британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі - Әбдірахманов
Алматы. 22 қараша. 7kun.kz - Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және оның британдық әріптесі Борис Джонсонның қазақ-британ Стратегиялық кездесуінің кезекті отырысы Лондонда өтті деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.  Әбдірахмановтың айтуынша, қазақ-британ дипломатиялық ынтымақтастығының орнатылуынан бері 25 жыл бойы Ұлыбритания қазақстандық экономика мен адами әлеуеттің дамуында маңызды рөл атқарып отыр. Ел қазақстандық экономикадағы ең ірі инвесторлардың алтылығына кіреді (12 млрд доллардан астам инвестициялар салынған) және Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі (2016 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 1,2 млрд долларды құрады, 2017 жылдың 9 айы бойынша 1 млрд долларға жуықтады). Тараптардың пікірінше, трансеуразиялық көліктің дәліздерді дамыту мен заманауи кезеңде Ұлы Жібек жолын қайта құру ынтымақтастықтың перспективалық бағытына айналуы қажет. Бұған жақсы үлгі ретінде осы жылдың қаңтарында Қытай мен Ұлыбритания арасындағы тікелей, соның ішінде Қазақстан аумағын кешіп өтетін, контейнерлік пойыздың іске қосылуын жатқызуға болады. Джонсон Қазақстанның Ұлыбритания үшін үлкен маңыздылығын атап өтіп, Лондонның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетін білдірді. «Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Орталық Азияның тұңғыш елі болады. Жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміттіміз», - деді Джонсон. «Қазақстан инвестициялық климатты одан әрі жетілдіруде айтарлықтай жұмыс атқаруда, және біз еуропалық, оның ішінде британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз»,- Қайрат Әбдірахманов. ҚР Сыртқы істер министрінің Лондонға екі күндік сапарының бағдарламасы 21 қарашада жалғасады.

Похожие материалы