Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 422,6 млн долларды құрады. Бұл 2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 26,6 пайызға жоғары (333,7 млн доллар). Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мен екі ел арасындағы қарым-қатынастың жыл сайын нығайып келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Ұлыбритания - біздің Еуропадағы ең ірі стратегиялық серіктестеріміздің бірі", - деді ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Сауда және инвестициялар министрі Грег Хэндспен кездесу барысында Қытай-Қазақстан-Ұлыбритания арасын байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» экономикалық белдеуін жүзеге асыру үшін үшжақты келісім орнату мәселесі қарастырылды.
Бүгінде Қазақстан территориясы арқылы Қытай мен Еуропаның арасында 15 транзиттік контейнерлік пойыз жүреді. 2016 жылы жылы "Қытай-Еуропа-Қытай" бағытындағы транзиттік контейнерлер тасымалы 104,5 мыңға жетті (2015 жылмен салыстырғанда, екі есеге арқан) (49,9 мың контейнер).
2017 жылы Чжэцзян (ҚХР) - Лондон (Ұлыбритания) бағыты бойынша алғашқы жүк контейнерлік пойызы іске қосылды. Енді бұл бағыт бойынша жүкті 18 күн ішінде жеткізетін мүмкіндік туды. Бұл жүк кемесіне қарағанда, қызметін 30 күн ерте орындайды.
Айта кетеҰлыбритания - тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі 10 серіктесінің қатарына кіреді, сондай-ақ, Қазақстанға ең көп инвестиция әкелетін үздік алты елдің қатарында. Ұлыбритания соңғы 12 жыл ішінде Қазақстанға жалпы көлемі 12,1 млрд доллар тікелей инвестиция әкелді (2005 жылдан 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі көрсеткіш бойынша тікелей инвестиция көлемі 12 278,2 млн долларды құрайды). Бұл - Қазақстанға тартылған жалпы шетелдік инвестицияның 5 пайызы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024