Экономика
Экономика1
Қазақстан мен Магатэның ядролық отын банкі туралы келісімі тамыздың аяғында өтеді
Қазақстан мен МАГАТЭ арасындағы төмен байытылған уран (ТБУ) Банкін құру туралы келісімді алдын-ала 2015 жылдың тамызының аяғында өткізу жоспарланып отыр деп хабарлайды қазақстандық СІМ баспасөз-қызметі.
Дүйсенбі күні таратылған хабараламада бұл күннің Қазақстан үшін терең символикалық мәні бар деп атап өтілген. 1991 жылдың дәл 29 тамызында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша Семей сынақ полигоны жабылған еді. Қазақстанның ұсынысы бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн деп жариялау туралы резолюция қабылдады. МАГАТЭ бас директоры Ю. Аманоның ойынша, келісімге қол қойылғаннан кейін МАГАТЭ ТБУ банкін құру мен ашуға шамамен екі жыл уақыт керек. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан МАГАТЭ-мен өз аумағында халықаралық ядролық отын банкін құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатқандығы хабарланған еді. Ядролық отын банкін құру Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) жүзеге асырылмақ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024