Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қытай арасында 2 млрд. долларға келісім жасалды

Қазақстан мен Қытай арасында 2 млрд. долларға келісім жасалды
Бүгін Шанхайда  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен   индустриалды-инновациялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша қазақ-қытай дөңгелек үстелінің қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 2 млрд. доллар болатын 4 келісімге қол қойылды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. Атап айтқанда мынадай құжаттарға қол қойылды:  «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc» ЖШС мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі арасында жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ доллары болатын құжатқа қол қойылды.  Сондай-ақ  ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Zhejiang JUMORE E-CommerceCo, Ltd» компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумы жасалды. Сонымен бірге ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шанхай қаласының халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Комитеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.  "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі мен Zhejiang JUMORE E-CommerceCo, Ltd» компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумы жасалды. Еске сала кетейік, шараны «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды, оның басқарма төрағасы  Борисбий Жангуразов жиынға модератор болды. Дөңгелек үстелге 70-ке тарта адам қатысты - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ОХК» ЖШС, «KPI» ЖШС, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ, «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС және бірқатар қазақстандық, қытай фирмалары «Bayin Nonferrous Metal Industry Group Ltd.», «China Telecom», AVIC Securities Co. Ltd., CNPC, Huawei, «Цинхуа» және басқа компаниялар, «Жібек жолы» қоры, Қытай банкі, Қытайдың мемлекеттік даму банкінің өкілдері қатысты.

Похожие материалы