Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қытай құны 49 млрд теңге болатын жаңа жоба бастайды

Қазақстан мен Қытай құны 49 млрд теңге болатын жаңа жоба бастайды

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан мен Қытай жылу бөлетін құрастырғаштар өндіретін зауыттың құрылысына кірісті. Бұл туралы "Қазатомпромның" баспасөз қызметінен хабарлайды. 

Инвестиция көлемі 49 млрд теңге құрайды. Қытай қаржының жартысын төлейді.  Зауытты "Қазатомпромның" еншілес компаниясы Үлбі металлургиялық зауыты (51%) және Қытайлық ядролық-энергетикалық корпорацияның (CGNPC) еншілесі CGN-URC (49%) басқарады. Кәсіпорын жұмысы 2019 жылы басталуы қажет. "Бұл зауыттың құрылысы - "Қазатомпромның" өндірісті әртараптандыру бағытындағы негізгі стратегиялық қадамдарының бірі". Біз атомдық электростанциялар үшін қазақстандық өндірістегі отын жеткіземіз, осы арқылы жаһандық атом нарығындағы позициямызды нығайта түсеміз", - деп мәлімдеді "Қазатомпромның" басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев. Зауытта толығымен автоматтандырылған өндіріс орны құрылады, жыл сайын 200 тонна жылу бөлетін құрастырғаштар шығарылуы керек. Олар ары қарай атом станцияларында ядролық отын ретінде қолданылады.

Өндіріске қажетті технология француздық Areva компаниясынан алынады. Сондай-ақ олар отын өндірісінің технологиясына, инженерлік құжаттамаларға, негізгі құрал-жабдықтар жеткізуге, қызметкерлерді оқытуға лицензия береді.

Похожие материалы