Астана. 23 наурыз. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Астанада екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы LS хабарлады.
Өзбекстан президентінің ресми келуі аясында, екі ел өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтіп жатыр.
«Мен сіздің Қазақстанға келгеніңізге шын жүректен қуаныштымын. Бұл сіздің президент ретінде келген алғашқы сапарыңыз. Бұған дейінгі шекараны ашып, ортақ транспорттық сауда туралы жасаған келісім қазір өз нәтижесін берді. Қазақстан мен Өзбекcтан арасындағы сауда көлемі артты. Өнімнің жаңа түрлері жеткізіле бастады. Бүгін екі елдің 500 кәсіпкері қатысатын, ірі бизнес-форум өтіп жатыр. Құны 1 млрд доллар болатын, 75 контрактке қол қойылады. Мұндай жағдай, біздің тарихта алғаш рет орын алды», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде, Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның 250 кәсіпкері форумға қатысатындығын айтты.
«Аз уақыттың ішінде аймақтың серіктестікке көп көңіл бөлінді. Қазақстанның үш өңірінің басшылары өз делегацияларымен Өзбекстанға келген. Біздің елдің де көптеген аймақ басшылары Қазастанда болған. Бұл қарым-қатынас сіздің Ислам Каримовпен жасасқан келісіміңізден бастау алады. Алдағы уақытта да бұл достық қатынас жалғасын табады. Нұрсұлтан Әбішұлы мен сізді өзіңізге ыңғайлы уақытта Өзбекстанға келуге шақырамын», - деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024